Түркістан облысында пойыздың астына түсе жаздаған бес жасар бала аман қалды

КТЖ, Казахстанские железные дороги, железная дорога, поезд, поезда, вагон, вагоны, ЖД, железнодорожный вокзал, платформа, скоростной поезд, Тальго, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.06.2026 12:36 Фото: pixabay
Түркістан облысында жолаушылар пойызының машинисі темір жолда жүрген бес жасар баланы қағып кетудің алдын алды. Локомотив бригадасы шұғыл тежеу қолданып, қайғылы жағдайға жол бермеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026 жылғы 20 маусым күні сағат 15:08 шамасында Түркістан–Шиелі темір жол учаскесіндегі Шорнақ станциясы маңында №7/8 Алматы-2 – Саратов бағытындағы жолаушылар пойызының машинисі темір жолда қалған бес жасар баланы дер кезінде байқап, шұғыл тежеу қолданды.

Пойыз шамамен 70 шақ/сағ жылдамдықпен келе жатқан. Локомотив бригадасының кәсіби әрі жедел әрекетінің арқасында бала аман қалып, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болды. Оқиға салдарынан пойыз небәрі 4 минутқа кешіккен.

Мәліметке сәйкес, темір жол учаскесі қоршаумен жабдықталған. Алайда бала қауіпті аймақта ересектердің қарауынсыз жүрген.

"Қазақстан темір жолы" ата-аналарды балаларды темір жол маңында қараусыз қалдырмауға және оларға темір жол нысандарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге үндеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: