Алматылық ұстаз 14 жасар оқушы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікке ілінді

Фото: freepik
Алматы облысында 14 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген күдікпен домбыра үйірмесінің ұстазы қамалды. Екеуінің қонақүйге барып, бөлмеге бірге кіргені бақылау камерасына жазылған. Сол сәтте полицейлер жетіп келіп 33 жастағы ер адамның қолына кісен салады. Толығырақ ақпаратта.

31 арнаның ақпаратына сүйенсек, түнгі 2-ден аса қонақүйге шашы ортасынан екіге қайырылған ер адам кіреді. Қызметкерден бөлменің бағасын сұрағасын, сыртқа шығып, 22 секундтан кейін қайта оралады. Бірақ, жалғыз емес. Жанында телефоннан көз алмаған жас қыз бар. Ақшасын қолма-қол төлеп, осылайша екеуі бос бөлмеге қарай кетеді. Ал қонақүйдің қожайыны бұл оқиғаның қасақана ұйымдастырылғанын айтады. Себебі, кәмелетке толмаған қыз бұған дейін де дәл осылай өзге азаматқа қастандық жасаған деп отыр.

"Оқиғаның бәрі Өтеген батыр ауылындағы "У Розы" қонақүйінде болған. Сол түні 33 жастағы күдікті 9-ші бөлмені 12 сағатқа жалдаған екен. Бұл ақпаратты қонақүй қожайыны растап отыр. Оның айтуынша, бұл құрыққа түсіру айласы",- деп мәлімдеді телеарна.

Өз кезегінде, Алматы облысы полиция департаменті бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын айтты.

"Полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстап аудандық бөлімшеге жеткізді. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жәйін жан-жақты, толық әрі обьективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Полицейлер 122 баптың бірінші бөлігі, яғни он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу бойынша іс қозғаған. Қылмыс дәлелденсе күдікті 5 жылға дейін темір торға тоғытылуы мүмкін". Меруерт Морякова, Алматы облысы ПД ресми өкілі

Бұған дейін Алматы облысының депутаты Таразда соққыға жығылғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды