Алматы облысының депутаты Таразда соққыға жығылды

Алматы облысының депутаты Таразда соққыға жығылды , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.05.2025 14:47 Сурет: Facebook/Нуреке Алтынбекович
Тараз қаласында Алматы облысы Іле аудандық мәслихатының депутаты, заңгер Нұрлан Байғазиевтің соққыға жығылуына байланысты істі полиция тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпарат желіге 2025 жылғы 13 мамырда тарады. Онда оқиға Жамбыл облыстық полиция департаментінің жанында орналасқан "Ғибрат" кафесінде болғаны белгілі болды. Ауыр соққы алған Байғазиев бет сүйектерінің көптеген сынықтарымен ауруханаға жеткізілді және оған ота жасау жоспарлануда. Нұрлан Байғазиев Таразда заңгер ретінде клиенттермен кездесулер өткізіп жүрген.

Аймақ полиция департаментінің баспасөз қызметі ақпаратқа түсініктеме берді.

"Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Оқиғаға қатысы бар адам анықталып, полицияға жеткізілді. Жәбірленушіге медициналық көмек көрсетілді, ол ауруханаға жатқызудан бас тартты. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша болған оқиғаның барлық мән-жайларын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу-жедел іс-шаралар жүргізілуде", – делінген түсініктемеде.

Оқиғаның себептері аталмады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: