Айгүл Шалбаева Алматы мәслихатының депутаты болды
Сурет: Алматы мәслихатының баспасөз қызметі
Айгүл Шалбаева Алматы мәслихатының депутаты болып сайланды, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы мәслихатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутат Алмат Қодасбаев мемлекеттік қызметке ауысуына байланысты VIII сайланым Алматы мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты.
"Мәслихатта бос орын пайда болуына байланысты оны қолданыстағы заңнамаға сәйкес толтыру қажет болды. Осылайша, "Сайлау туралы" заңға сәйкес, Алматы мәслихатының депутаттығына Amanat партиясының мүшесі Айгүл Шалбаева партиялық тізім бойынша сайланды", - делінген хабарламада.
Айгүл Шалбаева – медицина саласында тәжірибесі бар медицина ғылымдарының кандидаты. Ол Алматы медициналық институтын "Емдік ісі" мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын Алматыдағы теміржол ауруханасында дәрігер-гинекологтан бастады.
Қазіргі уақытта Айгүл Шалбаева "Керуен-Medicus" көпсалалы медициналық орталығының басшысы қызметін атқарады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript