Таразда Алматы облысының үш тұрғыны қызды алып қашқаны үшін сотталды

Домашнее насилие, бытовое насилие, жертва насилия, насилие над женщинами, физическое насилие, насилие, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.06.2026 16:54 Фото: pexels
2026 жылдың 24 маусымында Жамбыл облысы прокуратурасының берген ақпаратына сай, өткен жылдың қазан айында Тараз қаласында Алматы облысының үш тұрғыны Жамбыл облысының 19 жастағы тұрғынын некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқан.

Аталған факті бойынша Тараз қаласы Әулиеата ауданының полиция бөлімі ҚРҚК-нің 125-1-бабы 2-бөлігінің 1) және 4) тармақтары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Тергеу барысында жәбірленушінің бес жылдан астам уақыт бойы алып қашуды ұйымдастырған азаматпен жақын қарым-қатынаста болғаны, алайда оған тұрмысқа шығудан бас тартқаны анықталды. Қыздың бірнеше мәрте бас тартуына қарамастан, ер адам оны алып қашуды ұйымдастыруға шешім қабылдап, қылмысты жасауға таныстарын тартқан.

Осылайша, алдын ала сөз байласқан адамдар тобы болып әрекет еткен үш күдікті күш қолданып, күндізгі уақытта жәбірленушіні алып кеткен.

Сот талқылауы барысында айыпталушылардың кінәсі толық дәлелденді. Тараз қаласының №2 сотының 2026 жылғы 4 мамырдағы үкімімен олар адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашқаны үшін кінәлі деп танылды.

ҚР ҚК-нің 63-бабы қолданылып, үш сотталушының әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Прокуратура адамды некеге тұруға мәжбүрлеу мақсатында алып қашу, қандай да себептер мен қалыптасқан дәстүрлерге қарамастан қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатын әрекет екенін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылыққа тартылатынын ескертеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: