Астанада мемлекеттік сатып алу саласында қылмыстық схема ашылды

Фото: Zakon.kz
Елордада электрондық мемлекеттік сатып алулар саласындағы қылмыстық схема әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл жайлы бүгін, 2025 жылғы 20 мамырда Астана прокуратурасы мәлімдеді.

"Қадағалау қызметі барысында қалалық прокуратура коммерциялық компаниялардың бірін мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінен заңсыз алып тастауды анықтады. Қала прокуратурасы ақпаратты заңсыз жою фактісіне қатысты ҚК-нің 206-бабы бойынша қылмыстық іс тіркеп, дереу шара қабылдады",- делінген ақпаратта.

ҰҚК-нің Астана қаласы бойынша Департаменті жүргізген тергеу барысында автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қызметтік қолжетімділікті пайдалана отырып, серіктестікті аталған тізілімнен заңсыз алып тастаған "Электрондық қаржы орталығы" АҚ-ның (ЭҚО) бас маманы анықталды.

"Қылмыстық схеманы ұйымдастырушы коммерциялық компанияның директоры екені белгілі болды, ол делдал арқылы "ЭҚО" АҚ-ның бас маманына көрсетілген қызмет үшін 10 млн теңге көлемінде ақшалай сыйақы берген".Астана қаласының прокуратурасы

Тергеу аяқталып, қылмыстық іс материалдары сотқа жолданды.

Бұған дейін елімізде реставратор мамандар тапшы екендігі жайлы жазған болатынбыз.

Қазақстан
ҰҚК
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

Құрбысы екеуі мотоциклмен келе жатып арқанға соғылған: Риддерде оқушы қыз қаза тапты

Самокат енді ойын-сауық құралы емес: Бас прокуратура қазақстандықтарға жаңа ережелерді еске салды

Қазақстанда кредит қайта кешіріле ме

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді