Ресей 20 жыл бойы жасырынып келген қашқынды Қазақстанға экстрадициялады: Бас прокуратура мәліметтерді айтты

Сурет: Telegram/GenPr
Қазақстанның Бас прокуратурасы қылмыстық ұйымға қатысқаны, аса ірі көлемде есірткінің заңсыз айналымы, сондай-ақ олардың контрабандасы үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылу үшін еліміздің азаматын Ресейден экстрадициялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін республикалық қадағалау органының баспасөз қызметі хабарлады.

"Аталған тұлға 2003 жылы Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресейге героин мен опий жеткізумен айналысқан қылмыстық қауымдастықтың құрамына кірген. Күдікті есірткіні тасымалдау, сақтау және қылмыстық қауымдастықтың басқа мүшелеріне өткізу қызметтерін атқарған", – деп жазылған ресми ақпаратта.

2003 жылы Қызылорда және Қарағанды облыстарында жүргізілген арнайы операциялар барысында қылмыскерлердің бір бөлігі ұсталып, олардан 35 кг героин мен 28 кг опий алынған.

Ұсталған адамдар кейін сотталған, ал күдікті құқық қорғау органдарынан қашып үлгеріп, халықаралық іздеуге жарияланған.

20 жыл бойы іздеуде жүрген ол өткен жылдың желтоқсанында Ресейдің Самара облысында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге экстрадицияланды.

Қазіргі таңда ол тергеу изоляторына қамалды.

Айыпталған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Қазақстан
Ресей
ҚР Бас прокуратурасы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды