Өскеменде құтқарушылар велосипедші балаға көмекке келді

Сурет: pixabay
Өскеменде құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырында қысылып қалған балаға көмектесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылардың мәліметінше, 112 желісіне тоғыз жастағы баланың уайымдаған анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оның саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалғанын айтқан.

Бала саусағын өз бетінше босата алмаған, көмекке келген анасы да құтқара алмаған.

"Бірнеше минуттан кейін келген ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, артқы доңғалақты шешіп, шынжыр босаған кезде, баланың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болмады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Шымкентте такси көлігін таспен қиратқан әйелдің әрекеті желіні шулатқанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Алматыдағы Саин көшесінде болған жол апатынан екі адам зардап шекті