Шымкентте такси көлігін таспен қиратқан әйелдің әрекеті желіні шулатты

Такси, таксист, таксисты, водитель, водители, водитель такси, водители такси, таксопарк, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.06.2025 10:45 Фото: pexels
Шымкентте такси көлігін қиратқан әйел қамауға алынды. Оның бұл әрекеті таспаға түсіріліп, әлеуметтік желіні шулатқан еді. Толығырақ Zakon.kz ақпаратында.

KTK телеарнасының ақпаратынша, спирттік ішімдікке сылқия тойған сылқымның көлікті қолындағы таспен қиратып жатқанын куәгерлер таспаға түсіріп, желіге жариялап жіберген. 

Белгілі болғандай, құрбысымен бірге такси шақырған ол салон ішін бүлдіріп, жүргізушінің құсықты тазалауын талап еткені шамына тиген. Сөйтіп, такси тізгіндеген азаматтың бетін тырнап алған ол, автокөліктің мониторын да сындырыпты.

Жүргізуші полиция шақыруға кеткенде даладан тас алып, машинаның терезелерін шаққан. Қазір, жүйкесі жұқарған әйел қамауға алынды. Оған қатысты біреудің мүлкін талқандау бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бұған дейін Астана - Алматы автожолында жолаушылар автобусы өртеніп кеткендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: