Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana ұшағы Атырауға шұғыл қонды

Сурет: pixabay
Бүгін, 2025 жылы 22 маусымда Алматыдан Лондонға ұшып шыққан Air Astana әуе компаниясына тиесілі жолаушылар ұшағы Атырауға шұғыл қонды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Air Astana ұшағының Атыраудағы әуежайға шұғыл қонғаны туралы ақпарат Atyrau Online Telegram арнасында пайда болды. Мәжбүрлі түрде қонған ұшақтың, негізінен, Лондонға бағыт алғаны айтылады.

Кейіннен Алматы-Лондон бағыты бойынша KC663 рейсін орындаған Air Astana әуе компаниясының ұшағы қарсы желдің салдарынан артық жүктемені болдырмау мақсатында жанар-жағармай құйып алу үшін Атырауға қосымша қонғаны белгілі болды.  

Бұған дейін TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы 2025 жылғы 22 маусымда түстен кейін Астана маңында апатқа ұшырағаны хабарланған.

Сондай-ақ Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны белгілі.

Атырау
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз