Астана маңында ұшақтың апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Полиция, Астана, ұшақ, апатқа ұшырау, қылмыстық іс  , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2025 16:47 Сурет: Zakon.kz
Астана маңында салдарынан екі адам қаза тапқан, жекеменшікке тиесілі TL-2000 жеңіл моторлы ұшағының апатқа ұшырау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК 344-бабының 3-бөлігі, яғни "Теміржол, әуе, теңіз немесе өзен көлігінің қозғалыс қауіпсіздігі немесе пайдалану ережелерін бұзу" бойынша қолға алынды.

"Екі адам қаза тапты, ұшқыш пен жолаушы. Апаттың себептері анықталуда", деп толықтырды ведомстводан.

TL-2000 жеңіл моторлы ұшағы 2025 жылғы 22 маусымда түстен кейін Астана маңында апатқа ұшырады. Бортта екі экипаж мүшесі болды, олар қаза тапты. Ұшақ Жоламан әуеайлағының ауданында оқу-жаттығу ұшуын орындап жүрген. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: