Тоқаев Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Техас штатындағы алапат су тасқыны салдарынан көптеген адамның, соның ішінде балалардың қаза тапқанына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Мемлекет басшысы қайтыс болған азаматтардың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылғы 5 шілдедегі мәлімет бойынша, Техас штатының орталық бөлігінде болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 50 адамға жеткенін хабарлаған едік.

Молния

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз