Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті

Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.07.2025 13:42 Сурет: Х/Insight_029
2025 жылғы 5 шілдедегі мәлімет бойынша, Техас штатының орталық бөлігінде болған су тасқыны салдарынан қаза тапқандар саны 50 адамға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

CNN телеарнасының дерегінше, Керр округінде 43 адам, Бернет округінде үш адам, ал Трэвис округінде тағы төрт адамның мәйіті табылған.

Қаза тапқандардың арасында 15 бала бар, олардың өлімін отбасылары растаған.

Қазіргі уақытта христиан жазғы лагерінде болған бір топ қыз баланы іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Сонымен қатар Техас губернаторы Грег Эббот кейбір өңірлерде су деңгейі төмендей бастағанын атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: