БАҚ: Ливиядағы су тасқынынан қаза тапқандардың саны бес мыңға жетті
Ливияда су тасқынынан зардап шеккендердің саны күн өткен сайын артып жатыр. Мәліметтер тұрақты түрде жаңарып жатыр, оны Қызыл крест өкілдері жариялауда. 12 қыркүйекте Халықаралық Қызыл крест және Қызыл жарты ай қоғамдары федерациясының Ливиядағы делегациясының жетекшісі Тамер Рамаданның соңғы мәліметі бойынша, қаза тапқандар саны "өте көп", деп жазды CNN.
"Кем дегенде 5 300 адам өлді деп саналады, деп хабарлады сейсенбі күні шығыс Ливия үкіметінің Ішкі істер министрлігі. 10 000 адам із-түзсіз жоғалғандар тізімінде", – деп жазды басылым.
Су тасқынынан ең көп зардап шеккен Дерна билігі жойқын тасқыннан қалған үйінділерді тазарту адам күші жетпей жатқанын айтты. Қаланың барлық ауданын су шайып кеткен.
Libya 🇱🇾
— Jeathro Abdul Jamyle 𝕏 (@TodayMakeTawbah) September 11, 2023
Libyan health minister says flooding death toll could reach 10,000!!!
Ya Rabb accept the drowned as martyrs.
(ameen) pic.twitter.com/WdehM2HIGV
Al Jazeera қала мэріне сілтеме жасап жазғандай, "қаланың кем дегенде 20 пайызы қираған". Бұл ретте елге сырттан көмек бір күн бұрын, яғни 12 қыркүйекте, су тасқынынан кейінгі үшінші күні ғана жете бастады.