Непалда жолаушылар ұшағы құлады

Непалда жолаушылар ұшағы құлады, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.07.2024 14:09 Сурет: Twitter/keshabpoudel2
Saurya Airlines авиакомпаниясының ұшағы Непалдың астанасы Катмандудағы Трибхуван халықаралық әуежайында ұшу кезінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Kathmandupost мәліметінше, бортта экипаж мүшелерін қосқанда 19 адам болды.

Ал, әуежай басшылығының ақпаратынша, бордта жолаушылар болған жоқ, тек техниктер ғана болған.

Апат жергілікті уақыт бойынша сағат 11.00-де ұшу-қону жолағынан ұшып шыққан кезде орын алды.

Борт елдегі халық саны бойынша екінші қала Похараға бет алған.

Полиция мен өрт сөндірушілер апат болған жерде құтқару жұмыстарын жүргізді. Өзге де ақпараттар таратуға жатпайды.

Бұған дейін екі тікұшақ Малайзиядағы әскери шеруге дайындық кезінде әуеде соқтығысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: