Жәнібек Әлімханұлы айтулы жекпе-жегі алдында ауруханаға түсіп қалды

Жәнібек Әлімханұлы, Лас Вегас, аурухана, Андрей Михайлович, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 22:45 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық спортшы Андрей Михайловичпен болатын жекпе-жек алдында, 12 шілдеде ауруханаға түсіп қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы кәсіби бокс матчтарын ұйымдастырушы Top Rank Boxing америкалық промоутерлік компания хабарлады.

"Жәнібек Әлімханұлы бейсенбі күні кешке әбден әлсіреген күйде (салмақ қуу салдары) ауруханаға түсті. Осыдан кейін алдағы сенбіде Лас-Вегастағы Palms Casino Resort шаршы алаңында Андрей Михайловичке қарсы өтуі тиіс жекпе-жегі болмайтын болды. Ол бұл кездесуден бас тартуға мәжбүр болды", делінген хабарламада.

Әлімханұлы — Михайлович жекпе-жегі жексенбі, 14 шілдеде өтуі керек еді. 31 жастағы қазақстандық Лас-Вегаста орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерін (15-0, 10 KO) қорғауы тиіс болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: