"Әлем жылдың үздік нокаунтын көреді": Жәнібек Әлімханұлы Михайловичты ойсырата жеңуге уәде берді

Жәнібек Әлімханұлы Михайловичты ойсырата жеңуге уәде берді , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.07.2024 10:11 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы жаңа зеландиялық Андрей Михайловичпен жекпе-жек қарсаңында өзінің жанкүйерлеріне жылдың үздік нокаутын көрсететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Лас-Вегаста 31 жастағы қазақстандық орта салмақта (15-0, 10 KO) өзінің WBO және IBF белдіктерін қорғайтын болады.

Ал, оның қарсыласы Михайлович 1997 жылы Ресейде дүниеге келген. Бір жарым жасында егіз ағасы Николаймен бірге Санкт-Петербургте Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар асырап алды.

Бұған дейін Әлімханұлы Михайловичпен бетпе-бет кездесті (21-0, 13 КО).

Бұған дейін қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке арналған жаттығулардан эпизод жариялаған болатын.

Әлімханұлы — Михайлович жекпе-жегі жексенбі, 14 шілде күні таңертең өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: