Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындалуда

Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындалуда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2024 11:43 Сурет: Instagram/janibek_alimkhanuly
Жәнібек Әлімханұлы 13 шілдеде Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекке дайындықтың қалай өтіп жатқанын көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық боксшы өзінің Instagram парақшасында алдағы жекпе-жекке арналған жаттығулардан бейне жариялады.

Лас-Вегаста 31 жастағы қазақстандық орта салмақта (15-0, 10 KO) өзінің WBO және IBF белдіктерін қорғайтын болады. Оның қарсыласы Жаңа Зеландиялық Андрей Михайлович (21-0, 13 KO)

Сурет: Instagram/andrei_mikhailovich_

Михайлович 1997 жылы Ресейде дүниеге келген. Бір жарым жасында егіз ағасы Николаймен бірге Санкт-Петербургте Жаңа Зеландиядан келген ерлі-зайыптылар асырап алды.

22 маусымда Сұлтан Зәуірбек Ұлыбританияда өткен бокс кешінде жеңіске жеткенін хабарлаған болатынбыз. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: