Қарағандыда телефон ұрлап, ломбардқа өткізбек болған күдікті ұсталды

Фото: Zakon.kz
Қарағанды қаласындағы сауда орталықтарының бірінде орын алған телефон ұрлығы жедел түрде ашылды.

Орталық полиция бөлімінің қызметкерлері күдікті ретінде 26 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Ол бутиктен смартфонды жасырын түрде иемденді деген күдікке ілінді.

Тергеу барысында 37 жастағы жәбірленуші ұрланған гаджеттің құнын 77 мың теңгеге бағалады.

Ал күдікті оңай табыс табуды көздеп, сатушының басқа жаққа назар аударған сәтін пайдаланып, сөренің үстінде қараусыз жатқан құрылғыны қалтасына басып кеткенін мойындады.

Ұрлықтан кейін ол смартфонды ломбардқа өткізбек болған. Алайда сауда орталығына орнатылған бейнебақылау камералары қылмыс сәтін толық жазып алып, тәртіп сақшыларына күдіктіні тез анықтауға мүмкіндік берді.

Сұрақ-жауап барысында күдікті тағы бір қылмысын мойындады — ол басқа сауда үйінен сағат ұрлағанын да жасырмаған. Қазіргі таңда аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазақстан
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты