Шерзат Полаттың ағасының өліміне қатысты іс жабылды – адвокат

Фото: Zakon.kz
Талғарда өлтірілген 16 жастағы Шерзат Полаттың ағасы Нұрқанат Ғайыпбаевтың өліміне қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы кеше отбасының адвокаты Мейірман Шекеев айтты.

"Нұрқанаттың ісі тоқтатылды! Дегенмен, алдағы уақытта істі қайта ашу туралы өтініш жазамыз", – деп жазды ол 2025 жылдың 3 тамызында Instagram желісінде.

2025 жылдың 24 маусымында Мейірман Шекеев Шыңғыс Белғожаев пен Думан Ысқақтан басқа сотталғандардың барлығы дерлік аппеляциялық шағым түсіргенін хабарлады. Апелляциялық сот отырысы 18 тамызда сағат 11:00-де Алматы облыстық сотының ғимаратында өтеді.

25 шілдеде Шерзат Полат ісі бойынша сотталғандардың бірі Думан Ысқақ бостандыққа шыққаны белгілі болды.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек