Қызылордада полиция ер адамнан мефедрон тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада "Қарасора – 2025" шарасы аясында есірткі өсірумен айналысқан 32 адам ұсталып, оның 13-і қамауға алынды.

Елімізде 1 маусым мен 31 қазан аралығында өткізіліп жатқан "Қарасора – 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасының басты мақсаты – есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларға қарсы іс-қимыл жүргізу және құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіру мен дайындау фактілерінің жолын кесу.

Аталған іс-шара аясында шілде айында Қызылорда облысында ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары жергілікті полициямен бірлесіп рейд жүргізді.

Қаз-06, Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент автожолында Toyota Sienna көлігі тоқтатылып, арнайы үйретілген Элай қызметтік итімен тексерілді. Тексеру нәтижесінде көліктің жүк салғышынан 6 дана полиэтилен пакетке оралған, есірткіге ұқсас ақ түсті ұнтақ зат табылды.

Сараптама қорытындысы бұл заттың жалпы салмағы 1496,79 граммды құрайтын мефедрон есірткісі екенін көрсетті. Күдікті Сырдария аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, қазіргі таңда аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Іс-шара басталғалы бері Қызылорда облысы аумағында барлығы 70 есірткіге қатысты құқық бұзушылық тіркелді.

Оның ішінде:

Заңсыз айналымнан жалпы салмағы 898 келі 684 грамм есірткі заты тәркіленді. Оның ішінде 5 келіден астамы – марихуана, 8 келі 794 грамм – көкнәр өсімдігі, 2 келі 301 грамм – синтетикалық есірткі. Есірткі өсірумен айналысқан 32 адам құрықталып, олардың 13-і қамауға алынды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты