Тоқаев Таиландқа жаңа елші тағайындады

Сурет: Telegram/pressmfakz
Марғұлан Баймұхан Таиландтағы Қазақстанның елшісі болып тағайындалды. 2025 жылғы 7 тамызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ, Марғұлан Баймұхан БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағына арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясындағы (ЭСКАТО) Қазақстанның тұрақты өкілі болып тағайындалды.

Марғұлан Баймұхан 1974 жылғы 6 қыркүйекте Алматы облысында дүниеге келген.

Польшадағы Краков экономика университетін және Канададағы Ванкувер университетін тәмамдаған.

Халықаралық басқару саласы бойынша ғылым магистрі, іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесіне ие.

Еңбек жолын "Daewoo Electronics" компаниясында маркетинг және коммерция мәселелері жөніндегі менеджер ретінде бастаған.

1997 жылы Польшадағы "River System Ltd." экспорттық бөлімінде маман, кеңесші және Оңтүстік Кавказ бен Орталық Азия елдері бойынша аймақтық директор қызметтерін атқарған.

1999 жылдан бастап дипломатиялық қызметте, Сыртқы істер министрлігінің Орталық аппаратында әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

Қазақстанның Польшадағы Елшілігінде қызмет атқарған.

2017–2019 жылдары Қазақстанның Польшадағы Елшісі болған.

Қазақстанның Бельгиядағы Елшісі болып тағайындалғанға дейін – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

II дәрежелі төтенше және өкілетті уәкіл дипломатиялық дәрежесіне ие.

Молния
Тоқаев Касым-Жомарт

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қайрат" пен "Ордабасы" 26 шілдеде Алматыда кездеседі

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Жүргізуші куәлігінің мерзімі аяқталды: не істеу керек, қайда бару керек