ШҚО-да түрмеге есірткі өткізбек болған курьер камераға түсіп қалды

Фото: Zakon.kz
Шығыс Қазақстан облысындағы түзеу мекемесінің аумағында есірткі лақтырмақ болған ер адам ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметіне сілтеме жасап Zakon.kz хабарлайды.

44 жастағы Өскемен тұрғыны Шемонаиха ауданындағы түрменің сыртына кептірілген марихуана салынған үш түйіншекті лақтырмақ болған. Ол әрекетін бейнебақылау камералары тіркеп үлгерген. Бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған ер адам бұл жолы да заңды бұзды.

Ол түйіншектерді лақтырып болған соң, көлігін шатастырып, бөтен көлікке қарай жүгірген. Сол сәтте түрме қызметкерлері оны ұстаған. Кейін өзімен бірге келген көлік те келіп, оның өтірігін әшкереледі.

Ұстау кезінде ерекше иісі бар, скотчпен оралған үш түйіншек табылды. Сараптама нәтижесі бойынша, оларда 430 грамнан астам кептірілген марихуана болған. Бұл мөлшер шамамен 86 рет қолдануға жетеді.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз сақтау, тасымалдау немесе өткізу мақсаты) сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір тәркіленген есірткінің нақты кімге арналғаны анықталуда.

"Біздің қызметкерлер тәулік бойы жұмыс істейді. Заң бұзушылықтарға қатаң тосқауыл қойылады." ҚАЖК №18 мекемесінің бастығы Қуаныш Қонжанов
Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін