Ақорда таратқан мәліметке сүйенсек, бұл қызметке Серік Борамбаев келді.
"Серік Жақсығалиұлы Борамбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.
Серік Бурамбаев 1969 жылы туған.
1990 жылы Киев жоғары әскери-теңіз саяси училищесін, 2007 жылы РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін, 2010 жылы (сырттай) РФ Қорғаныс министрлігінің Әскери университетінің адъюнктурасын, 2015 жылы Ұлттық қорғаныс университетіндегі академиялық курстарды бітірген. PhD докторы ғылыми дәрежесі бар.
1990–1992 жылдары Қызыл Ту орденді Каспий флотилиясының әскери бөлімдерінде әскери қызмет атқарған; 1992–2004 жылдары жергілікті әскери басқару органдарында қызмет етті.
Әр жылдары:
- "Батыс" ӨңҚ әскерлері қолбасшысының басқармасында аға офицер,
- институт бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары,
- институт бастығының орынбасары – Әскери-теңіз институты штабының бастығы,
- Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – бас штабының бастығы,
- ҚР ҚК Бас штабы Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы қызметтерін атқарды.
2022 жылғы шілдеден 2023 жылғы ақпанға дейін – Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаментінің бастығы.
2023 жылғы ақпаннан 2024 жылғы маусымға дейін – ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары – аумақтық қорғаныс департаментінің бастығы.
2024 жылғы 25 маусымнан бастап – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы.
Сондай-ақ, президент өзінің келесі бір өкімімен ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын жаңадан сайлады.