Шымкентте бір түнде үш әкімшілік ғимараты өртенді

Фото: Zakon.kz
Шымкентте бір түн ішінде үш бірдей әкімшілік ғимарат өртеніп кетті. Абай ауданы әкімінің аппаратынан тұтанған от жанында жапсарлас тұрған Мемлекеттік істер жөніндегі департамент пен Мемлекеттік басқару академиясына көшкен, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, өрт түнгі сағат үштен өте әкімдіктің шатырынан шыққан. Бұл кезде үш ғимараттың ішінде үш күзетші ғана болған. Куәгерлердің айтуынша, шіріп тұрған ағаш құлап, электр сымын үзген. От содан тұтануы мүмкін.

Тұрғызылғанына 70 жылдан асқан үш нысанның әп-сәтте 1200 шаршы метр шатыры отқа оранған. Қызыл жалын екінші қабаттағы кабинеттерге де тиіп үлгеріпті. Қазір Абай ауданы аппаратының және Мемлекеттік істер жөніндегі департамент пен мемлекеттік басқару академиясының ұзын-саны 100-ден астам қызметкері далада қалды. Аудандық әкімдік ғимараты екі ай ішінде жөнделіп, мемлекеттік қызметкерлер қайта орнына келуі тиіс. Әзірге үш мекеме де Шымкентте уақытша отыратын орын іздеп жатыр.

"Жұмыс тоқтаған жоқ. Халықпен кездесулер бар, біздің аудан әкімдігінің негізгі қызметкерлері халықпен түсіндіру жұмыстары, санитарлық тазалық, балалар ойын алаңшасы жұмыстары жүріп жатыр. Негізгі, электронды құжат айналымы тоқтап тұр. Басқа жұмыс жүргізіліп жатыр".Шерхан Кеңес, Абай ауданы әкімі аппаратының басшысы

Бұған дейін Алматыда Жетісу ауданында төрт қабатты ғимараттың шатыры отқа оранғандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Алматы әкімдігі Абай даңғылындағы төсемтастың ауыстырылуына қатысты тұрғындардың наразылығына жауап берді