Қасым-Жомарт Тоқаев: "Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты"

Сурет: akorda.kz
Тоқаев ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясында сөз сөйледі. Онда ол елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты екенін баса айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылғы 15 тамызда Ақорда мәлімдеді.

"Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! Бұл – өскелең ұрпаққа сапалы білім мен тағылымды тәрбие беру мәселесіне арналған өте маңызды басқосу. Ұстаз – ұлттың шамшырағы. Сіздер күнделікті қажырлы еңбектеріңіз арқылы ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Жас ұрпақтың бойына білім нәрін сеуіп, озық ойлы ұлт тәрбиелеп жүрсіздер. Халқымыздың зияткерлік қуатын арттыруға белсене атсалысып жатсыздар",- деді ол.

Сондай-ақ, ол еліміздегі ұстаздар қауымына шынайы ризашылығын білдірді!

"Шын мәнінде, Мұғалімдер мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жатыр. Ыбырай Алтынсарин "Жақсы оқытушыны бәрінен де қымбат көремін" деген. Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс",- деді Тоқаев.

Бұған дейін Тоқаев Қорғаныс министрінің орынбасарын жаңадан сайлағандығы хабарланған болатын.

Қазақстан
Астана
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі