Маңғыстау облысында аттан құлаған жасөспірім орталыққа тікұшақпен жеткізілді

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Маңғыстау облысында "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағы аттан құлап, көптеген жарақат алған жасөспірімді шұғыл орталыққа жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Маңғыстау облысында ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ экипажы медициналық авиация желісі бойынша 2014 жылы туған жасөспірімді шұғыл тасымалдау рейсін орындағанын хабарлады. Ол аттан құлап, көптеген жарақаттар алған.

"Маршрут Ақтау – Жаңаөзен – Ақтау бағытымен өтті. Пациенттің жағдайын ескере отырып, оны дәрігерлерге барынша тез жеткізу мақсатында тікұшақ облыстық балалар ауруханасының автотұрақ алаңына қонды", делінген хабарламада. 

Ұшуды әуе кемесінің командирі Османов Мирахмад және екінші ұшқыш Серікұлы Бақдәулет орындады. Экипаж бен медициналық мамандардың үйлесімді жұмысының арқасында науқасқа қажетті көмек дер кезінде көрсетілгені де нақтыланады.

Бұған дейін ШҚО-да ойын баласы кір жуғыш машинаның барабанында қысып қалғанын жазғанбыз.

Қазақстан
Ақтау

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы