Астанада жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті: 14 адам зардап шекті

Фото: primeminister.kz
Астанада жолаушылар автобусы қатысқан жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Mercedes маркалы қызметтік автобустың жүргізушісі Қабанбай батыр даңғылында рұқсатсыз бағыт ауыстырған кезде көлікті басқара алмай, көлік құралын жол шетіне шығарып алған. 

Автобус жолаушылары медициналық мекемелерге жеткізілді. Оқиға бойынша тексеру жүргізілуде.

ЖКО салдарынан құрбандар жоқ, бірақ зардап шеккендер бар. Бас қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 14 адам жедел жәрдеммен көпсалалы қалалық стационарларға және Ұлттық шұғыл медициналық үйлестіру орталығына жеткізілді. Қабылдау бөлімінде қаралғаннан кейін автобустың кейбір жолаушылары амбулаториялық емдеуге жіберілді. Зардап шеккендердің көбінің жарақаттары жеңіл.

Бұған дейін Қарағанды облысында болған жол апатында үш әйел зардап шеккенін жазғанбыз.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды