Қасым-Жомарт Тоқаев бейбітшілікті нығайтуға шақырды

Фото: akorda.kz
1991 жылғы 29 тамызда Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Осыған байланысты Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы әлеуметтік желідегі X парақшасында бүгін, 2025 жылғы 29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдың халықаралық күні екенін еске салды.


"Бұл атаулы күнді БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітті. Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар", – деп жазды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің X парақшасында.
Молния
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз