Аида Балаева БАҚ-ты тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды

Фото: freepik
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты жаңалықтарға байланысты БАҚ-қа үн қатты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр 2025 жылғы 4 қыркүйекте Facebook-тегі парақшасында:


"Кейбір ресми БАҚ пен анонимді Telegram-арналарында мемлекеттік қызметкерлердің ұсталуына қатысты расталмаған ақпарат таралуда", – деп мәлімдеді.

Ақпарат таратқанда оның шынайылығын тексеру міндетті. Кінәсіздік презумпциясы қағидасы және журналистік этика бар екенін естен шығармау қажет.

Көбіне расталмаған "хайп қуған" деректерге еремін деп, журналистер мұндай мәлімет азаматтарға және олардың жақын туыстарына зиян тигізуі, ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі, жала болып шығуы мүмкін екенін есте ұстауы тиіс.

Әріптестерді кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырамын. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік әрі қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламын.

Молния
Балаева Аида

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты