Қостанай облысында дала өртіне тікұшақ тартылды

Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Қостанай облысында Қамысты және Наурызым аудандарында құрғақ өсімдіктердің жекелеген ошақтары тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ұрқаш және Дружба ауылдарының арасында от оқшауланған. Дала өртін сөндіруге ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы тартылды.

"Өрт сөндірушілерге көмекке "Қазавиақұтқару" МИ-8 тікұшағы тартылды, онымен 16 су төгу жұмысы іске асырылып, шамамен оған 48 текше метр су құйылды. Борт тек сөндіруге ғана емес, сонымен қатар аумақты аэровизуалды тексеруге де қатыстырылған. Елді мекендер мен орман қорына қауіп жоқ". ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Жағдай ҚР ТЖМ тұрақты бақылауында екені де нақтыланады. 

Айта кетсек, 30 тамызда сағат 15:50-де Қарасай ауданындағы Тұрар ауылы маңында 30 гектар аумақта құрғақ шөп өртенді. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды.

Қостанай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты