Алматы облысында өртенген қамысты алқапқа тікұшақ тартылды

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Бүгін, 2025 жылы 6 қыркүйекте Алматы облысында қамысты алқап өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі өртенген қамысты алқап Қарасай ауданындағы Алмалыбақ ауылы маңында орналасқанын нақтылайды.

"Өртті сөндіруге Алматы облысы мен Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары, сондай-ақ ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" су төгуші құрылғысы бар тікұшағы тартылды. Қазіргі сәтке дейін әуеден бес рет су төгу жұмыстары жүргізілді. Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда". Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі

Жағдай ТЖМ бақылауында. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ.

Айта кетсек, қос азамат Жамбыл облысындағы өрт кезінде адамдарды құтқарып, аталған сәтті видеоға түсірген.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі