Алматы облысында металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
Алматы облысында металл қабылдау пунктінде жарылыс болып, үш адам қаза тапты. Нақты ненің жарылғаны белгісіз. Оны құзырлы органдар анықтап жатыр. Ал жарылыс күші жойқын болған, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, марқұмдар осы цехқа жұмыс істеуге келген Өзбекстан азаматтары. Ресми мәлімет әзірге толық емес. Жергілікті тұрғындар да осы металл қабылдау орнына қатысты бірнеше ай бойы шағымданып, оны жабуды талап еткен екен. Алайда тұрғындардың сөзін құзырлы орындар да, орталықтың иесі де құлаққа ілмей, жұмысын жалғастыра берген.

"Іле ауданында орналасқан металл қабылдау пунктінің бірінде орын алған қайғылы оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Белгісіз зат жарылысынан үш адам қаза тапты. Олардың денелері оқиға орнынан табылды. Аталған жерге жедел түрде полиция, өрт сөндірушілер және жедел жәрдем қызметі келді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда. Барлық тергеу әрекеттері заңнамаға сәйкес жүзеге асырылуда".Ернар Сайділдин, Алматы облысы ДП ресми өкілі:

Қазіргі таңда оқиға орнында қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Құзырлы органдар әзірге белгісіз зат дегенімен, орталық иесі ненің жарылғанын анық білетін сияқты.

"Бүгін біздің құйма цехымызда танкіге қарсы мина жарылды. Цех кезінде арзан бағамен қытайлық фирмаға жалға берілген болатын. Олар бұл металды сатып алып, арасында өңделмеген металл қалдықтары мен миналардың бар екенін өздері де білмеген. Бүгін жұмысшылар цехқа кіре салысымен, белгісіз металл қалдықтарының бірі жарылып кетті".Әмірбек Шербаев, нысанның иесі

Бұған дейін Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапқанын жазғанбыз. Оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты