Алматы облысында мектеп оқушыларын тасымалдаған автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, екі адам қайтыс болды

Сурет: Telegram/ztb_qaz
2025 жылдың 11 қыркүйегінде Алматы облысында мектеп оқушыларын тасымалдап жүрген автобус пен жеңіл көлік соқтығысып қалды. Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға орнынан бейнежазба бүгін Telegram-арналардың бірінде жарияланды.

Өңірлік полиция департаменті қайғылы жағдайдың мән-жайын түсіндірді.

"Hyundai Accent маркалы автокөлік пен жолаушылар автобусының қатысуымен "Сокол" саяжай қоғамының аумағында орын алған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жол апаты салдарынан жеңіл автокөлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, ал оның жолаушысы медициналық мекемеде қайтыс болды. Басқа зардап шеккендер жоқ", – деп хабарлады 2025 жылдың 12 қыркүйегінде Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, Hyundai Accent жүргізушісі бұрылу маневрін орындау кезінде жол бермей, автобуспен соқтығысқан.

"Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысы Алматы облыстық Полиция департаменті басшылығының бақылауына алынды", – деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Бұған дейін Маңғыстау облысында жол апатынан 10 адам қаза тапқанын жазғанбыз. Оқиға салдарынан сегіз адам оқиға орнында, тағы екі адам ауруханаға барар жолда көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Кейіннен белгілі болғандай, 10 адам Бекет Ата мешітіне зияратқа бара жатқан.

Қазақстан
Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді