Ауыр хәлде жатқан 40 жастағы науқас тікұшақ арқылы Зайсаннан Өскеменге жеткізілді

Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР ТЖМ тікұшағы 2025 жылғы 12 қыркүйекте медициналық көмекке мұқтаж болған науқасты жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, ҚР ТЖМ Қазавиаспас пилоттары Сергей Пинигин, Олег Алфеев және борт инженері Улбала Абдилдаев "Ми-8" тікұшағымен санитарлық авиация дәрігерлері Рим Мендыбаев пен Татьяна Сергеева құрамасымен бірге 1985 жылы туған науқасты Зайсан қаласынан Өскеменге жедел жеткізді.

Науқасқа шұғыл медициналық көмек қажет болды. Ең тиімді әрі жылдам әрекет ету үшін ҚР ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды, ол үлкен қашықтықтарды тез еңсеріп, көмек көрсету үшін қиын аудандарға жедел жетуге қабілетті.

"Ұшқыштар мен медициналық топтың үйлесімді әрі сауатты әрекеттерінің арқасында ұшу сәтті өтті, науқас уақытылы әрі қауіпсіз түрде медициналық мекемеге жеткізілді",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Жамбылдық құтқарушыларға жаңа тікұшақ берілгенін жазғанбыз.

Қазақстан
Өскемен

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз