Жамбыл облысында ер адам 100 келіден астам марихуанамен ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысы ПД қызметкерлері Ұлттық ұланның "Бүркіт" арнайы жасағымен бірлесіп, есірткі құралдарының заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған "Қарасора — 2025" республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында, сәтті операция жүргізді.

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Байзақ ауданының құмды аймағында, Ақжар ауылынан 125 шақырым қашықтықта, Т.Рысқұлов ауданының тұрғыны ұсталды.

Ол заңсыз түрде 108 келі 400 грамм кептірілмеген марихуана дайындаған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, өңдеу, алу, сақтау, тасымалдау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу амалдары жалғасуда.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты