Ақмола облысында жол апатына ұшыраған екі бала тікұшақпен орталыққа шұғыл жеткізілді

Сурет: ҚР ТЖМ
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" ұшқыштары санитарлық авиация дәрігерлерімен бірлесіп, жол апатына ұшыраған 2023 және 2016 жылы туған екі балаға шұғыл көмекке келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ТЖМ баспасөз қызметі атап өткендей, Ақмола облысы Атбасар ауданында болған жол апатынан кейін екі балаға шұғыл көмек керек болды. Зардап шеккен балалар Атбасар қаласынан Көкшетау қаласындағы медициналық мекемеге тікұшақпен шұғыл жеткізілді.  

"Ұшқыштар мен дәрігерлердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында науқастар тез әрі қауіпсіз түрде межелі жерге жеткізілді. ТЖМ тікұшақтары қашықтағы елді мекендер жағдайында да шұғыл медициналық көмек көрсетуге әрдайым дайын", делінген хабарламада.

Бұған дейін 49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілгені хабарланған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті