49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілді

49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.09.2025 22:15 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
18 қыркүйекте ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ тікұшағы санитарлық авиация желісі бойынша Бұрлы ауданының 49 жастағы тұрғынын шұғыл эвакуациялады. Әйел аудандық ауруханада ауыр жағдайда жатқан, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрлік мәліметінше, науқас тар бейінді мамандардың көмегін алу үшін облыс орталығындағы көпсалалы ауруханаға жеткізілген.

"Экипаж бен медициналық бригаданың үйлесімді жұмысының арқасында тасымалдау уақыты едәуір қысқарып, емнің сәтті аяқталу мүмкіндігі артты", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін ауыр хәлде жатқан 40 жастағы науқас тікұшақ арқылы Зайсаннан Өскеменге жеткізілгенін хабарлаған едік.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: