Тоғыз жастағы қыз бала шұғыл түрде тікұшақпен Үржардан Өскеменге жеткізілді

Тоғыз жастағы қыз бала шұғыл түрде тікұшақпен Үржардан Өскеменге жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.10.2025 21:44 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
2025 жылғы 2 қазанда күндіз ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" пилоттары Тарбағатай ауданына санитарлық рейс жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақжар ауылынан тоғыз жастағы науқас қыз бала ҚР ТЖМ-нің "МИ-8" тікұшағымен Өскеменге шұғыл жеткізілді.

Министрліктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәжірибелі ұшқыштар санитарлық авиация дәрігерлерімен бірге көмекке мұқтаж баланы медицина мекемесіне аман-есен жеткізген.

"ҚР ТЖМ санитарлық авиациясы өмірлік маңызды миссиясын жалғастырып жатыр, - делінген ведомство хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін 49 жастағы әйел ауыр жағдайда тікұшақпен Өскеменге жеткізілген еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: