Жаңа туған сәби тікұшақпен Қызылордаға шұғыл жеткізілді

Жаңа туған сәби тікұшақпен Қызылордаға шұғыл жеткізілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.06.2025 20:29 Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" АҚ экипажы медициналық авиация желісі бойынша Қызылорда – Жаңақорған – Қызылорда бағытымен рейс орындады. Тікұшақ жаңа ғана дүниеге келген қыз баланы ауруханаға жеткізу үшін жұмылдырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, ұшу командирі Назель Нұрғалиева басқаратын экипаж құрамында екінші ұшқыш ретінде Бейсенғали Тоғызбаев болған.

"Экипаж бен дәрігерлердің үйлесімді жұмысының арқасында науқас сәтті түрде арнайы медициналық мекемеге жеткізілді", - делінген ресми хабарламада.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: