Жаңа туған сәби Жаңақорғаннан Қызылордаға тікұшақпен шұғыл жеткізілді
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ тікұшағының экипажы Жаңақорған ауылынан Қызылорда қаласына жаңа туған нәрестені шұғыл эвакуациялап, рейсті сәтті орындады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, нәрестені шұғыл ауруханаға жеткізу қажет болған.
"Медициналық бригаданың ұшқыштары Баймұса Өркен мен Ахметов Расұлбектің үйлесімді жұмысының арқасында жаңа туылған бала қауіпсіз және жылдам медициналық мекемеге жеткізілді, онда оған қажетті көмек көрсетілді", делінген хабарламада.
Бұған дейін Маңғыстау облысында аттан құлаған жасөспірім орталыққа тікұшақпен жеткізілгені хабарланған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript