ТЖМ ұшқыштары ауыр хәлдегі науқас нәрестені анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жеткізді

ТЖМ ұшқыштары ауыр хәлдегі науқас нәрестені анасымен бірге шұғыл түрде ауруханаға жеткізді , сурет - Zakon.kz жаңалық 20.05.2025 10:57 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
2025 жылдың 19 мамырында ҚР ТЖМ Қазавиақұтқару әуе кемесі кеше ғана дүниеге келген баланы санавиация желісі бойынша тасымалдау үшін Бөрлі ауданы Ақсай қаласына ұшып шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құтқарушылар мәліметінше, нәрестенің ауыр жағдайына байланысты оны Орал қаласындағы облыстық көпсалалы балалар ауруханасына шұғыл жатқызу қажет болды.

"Әр секундтың маңыздылығын ескере отырып, БҚО ТЖД басшылығы денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, тік ұшақты медициналық мекеменің аумағына қондыру туралы шешім қабылдады",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін Алматыда жантүршігерлік апат болып, екі адамның көз жұмғандығы жайлы жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: