Таразда 9-сыныпта оқитын қыз өз бөлмесінде асылып қалды

Фото: polisia.kz
Таразда мектеп оқушысы өзіне қол жұмсады. 9-сыныпта оқитын қыз өзінің бөлмесінде асылып қалған. Оның өлі денесін анасы бірінші байқапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

KTK ақпаратына сүйенсек, 15 жастағы оқушы қаладағы №26 мектеп-гимназияда оқыған. Марқұмның тәртібіне ешқандай шағым болған жоқ дейді ұстаздары. Тіпті сабақ үлгерімі мен өзге балалармен қарым-қатынасы да жақсы болған. Сондықтан оқушының өмірден баз кешуіне не жағдай әсер еткені жұмбақ.

Қайғылы оқиғаның анық-қанығын тергеушілер анықтап жатыр. Білім басқармасы жанынан психологиялық қолдау тобы құрылып, қара жамылған отбасыға жан-жақты көмек көрсетуде.

"23 қыркүйек күні Абай атындағы мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін терең оқытатын мектеп-гимназияның 9-сынып оқушысы үйінде өзіне қол жұмсағаны анықталды. Облыстық психологиялық қолдау орталығынан жұмысшы тобы құрылды". Жамбыл облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы екі айда жеті жеткіншек өз-өзіне қол жұмсап бақилық болып отыр.

Бұған дейін Алматыда жол апатынан электровелосипед мінген ер адам көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан
Тараз

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

Елімізде кейінгі бес жылда 5 мың шақырымға жуық теміржол салынды

Алматыда жаңа туған сәбиін тастап кеткен әйел ұсталды