Алматыда жол апатынан электровелосипед мінген ер адам көз жұмды
Сурет: Zakon.kz
Куәгерлердің айтуынша, ер адам көшеде батыс бағытта қозғалып келе жатқан. Сол кезде қосылатын жолдан "Жол бер" белгісін елемеген Nissan Terrano жүргізушісі шығып, соқтығыс орын алған.
Қатты соққы салдарынан жәбірленуші алдымен көліктің капотына, кейін алдыңғы әйнегіне, одан соң тағы бірнеше метрге ұшып кеткен.
Куәгерлер жедел жәрдем шақырған. Дәрігерлер келген соң ер адамды ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізді. Алайда кейінірек оның қайтыс болғаны белгілі болды.
Оқиға орнында жол-патрульдік полиция қызметкерлері жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.
Zakon.kz тілшісі бұл жайтқа байланысты пікір алу үшін қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Бұған дейін Астанада қоқыс шығару тарифі тағы қымбаттауы мүмкін екенін жазғанбыз.



