Астанада қоқыс шығару тарифі тағы қымбаттауы мүмкін

Мусорный полигон, мусор, мусорная свалка, свалочный полигон, отходы, стихийная свалка, стихийные свалки, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2025 14:49 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
2025 жылғы 25 қыркүйекте өткен мәслихат отырысында Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану басқармасының басшысы Даулет Досқұлов елордадағы қоқыс көлемінің артып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, 2023–2024 жылдары қалада шамамен 550 мың тонна қоқыс жиналса, 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 600 мың тоннадан асады деп күтілуде. Бұған халық санының өсуі мен қарқынды құрылыстар әсер еткен. Сонымен қатар, тұрғындардың 40%-дан азы ғана қоқысты бөлек жинаумен қамтылған.

Мәслихат депутаты Талғат Ерғалиев қоқыс шығарудың өзіндік құны бір адамға шамамен 1700 теңгені құрайтынын, ал қолданыстағы тариф – 637 теңге екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл жағдай тарифтің өсуіне әкелуі мүмкін, әйтпесе қоқыс шығаратын компаниялар инвестициялық жобаларын жүзеге асыра алмайды.

Даулет Досқұлов қоқыс шығаратын ұйымдар мен қоқыс өртейтін зауыттың қазір шығынмен жұмыс істеп жатқанын растады.

"Алдағы уақытта тарифті көтеру жоспары бар, бірақ ол айтарлықтай емес, халыққа қосымша салмақ түсірмеу үшін аз ғана өсім болады", – деді ол.

Еске салсақ, 2025 жылғы 14 ақпанда Астанада қоқысты жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерінің жаңа мөлшері бекітілген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: