Астанада қандай инфекция таралып жүргені туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы түсініктеме берді

Анализ, анализы, больница, поликлиника, врач, врачи, доктор, доктора, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.10.2025 16:22 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова 2025 жылғы 9 қазанда өткен мәслихат отырысында елорданың эпидемиологиялық жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Қалалықтар соңғы уақытта астанада қандай инфекция айналымда жүргенін сұраған.

"Қалада қарапайым маусымдық вирустық инфекция таралып жүр. Аурушаңдықтың шарықтау шегі әзірге тіркелген жоқ", – деп сендірді Рүстемова.

Сондай-ақ ол қаладағы емханаларда тұмауға қарсы вакцина егу басталғанын атап өтті.

"Қазір барлық емханаларда "Гриппол" вакцинасымен екпе жүргізіліп жатыр. Біз егіп бастадық. Сіздер де екпе алыңыздар", – деді ол.

Бұған дейін Ақмола облысында инфекциялық аурулар санының азайғаны хабарланған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: