Рудный қаласының прокуроры ұсталды

Фото: freepik
2025 жылғы 28 қыркүйекте құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокуроры ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі желідегі ресми парақшада мәлімдеді.

"Қызметтік тәртіп бұзушылықтардың алдын алу мақсатында Қостанай облысы прокуратурасының ішкі қауіпсіздік бөлімшесі облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп 2025 жылғы 28 қыркүйекте қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікпен Рудный қаласының прокурорын ұстады",-делінген ақпаратта.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.

ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бұған дейін Жандос Өмірәлиев ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз