Қызылорда облысында ірі есірткі алқабы жойылды

Сурет: ҚР ІІМ
"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және Қызылорда қаласы Ақсай полиция басқармасы қызметкерлерімен заңсыз есірткі өсіру деректерін анықтау бағатында жедел шаралар өткізуде.

"Учаске" рейдтік шара барысында учаскелік полиция инспекторы тұрғын үй ауласында есірткі егіп өсірген ірі есірткі алқабын анықтады.

Бау бақша ішінен салмағы 138 келіге жуық 34 түп сора өсімдігі анықталып, тәркіленді. Бұдан бөлек, полицейлермен оқиға орнында 19 келіден аса кептірілген марихуана анықталды.

Оқиға орнында 43 жастағы облыс тұрғыны ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жүргізілуде.

"Қарасора — 2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғалы барлығы 135 есірткі құқық бұзушылықтары анықталды, 1 т 383 келі есірткі тәркіленді, 5 фитозертхана анықталды.

Есірткі өсірумен айналысқан 47 адам ұсталды.


Қазақстан
Қызылорда

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді постомат арқылы алу: қалай жұмыс істейді