Шымкентте аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді

Сурет: ҚР ІІМ
Шымкент қаласы полиция департаменті "Қарасора-2025" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында "Заң және тәртіп" қағидаты негізінде есірткі қылмысына қарсы күресті белсенді түрде жалғастыруда.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала аумағында синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан екі шетел азаматын ұстады. Жалға алынған автокөлікті тексеру кезінде сатуға дайын күйде оралған мефедрон психотроптық заты салынған 22 пакет тәркіленді.

Сонымен қатар, күдіктілер алдын ала дайындап қойған жасырын орындардан тағы 46 есірткі орамасы табылды. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы 200 грамнан асты.

Полиция департаменті мәлімдегендей, есірткі қылмысына қарсы күрес жүйелі түрде жүргізілуде.

Жедел іс-шаралар барысында Түркістан облысының 20 жастағы тұрғыны да ұсталды. Тінту кезінде оның күртешесінен сатуға арналған шамамен 70 грамм мефедрон табылды. Бұдан бөлек, қыркүйек айында аса ірі көлемде психотроптық заттарды таратумен айналысқан жергілікті тұрғын да қолға түсті.

Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Шымкент қаласы полиция департаменті азаматтарға есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.

Қазақстан
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты