Павлодар облысында өрттен алты адам қаза тапты

Фото: Zakon.kz
2025 жылғы 9 қазан күні таңертең Павлодар облысында болған ірі өрт салдарынан алты адам көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) мәліметінше, өрт туралы хабар таңғы сағат 6:30 шамасында түскен. Тілсіз жау ауылдан жеті шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалығында тұтанған.

Оқиға орнына дереу жеткен құтқарушылар тұрғын үйдің толығымен өртке оранғанын және шатырдың бір бөлігі опырылып түскенін анықтаған. Жалын жақын маңдағы шаруашылық құрылыстарға да таралған. Өрттің жалпы аумағы – 920 шаршы метр.

Үй ішінде жеті адам болған. Өкінішке қарай, олардың тек бірі – 1972 жылы туған ер адам ғана аман қалып, ауруханаға жеткізілді.

"Оқиға орнынан алты адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта олардың тұлғалары анықталып жатыр. Тергеу органдары өрттің мән-жайын анықтауға кірісті", – деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Қызыл жалынды ауыздықтау кезінде өрт сөндірушілер 27 литрлік сегіз газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген.

Бұған дейін Павлодарда кондитерлік цехта өрт шыққанын жазғанбыз.

Қазақстан
Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Қазақстанның 25 көрікті жерінің үздік топтамасы

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан құрамасының алтын медаль саны 32-ге жетті

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы